glo™ APEX x Liili: Алғашқы секундтан баурап алатын ынтымақтастық
glo™ өзінің glo™ APEX желісін іске қосу аясында әртіс Liili-мен ынтымақтастығын ұсынады. Liili «APEX» әнін арнайы glo™ бренді үшін жазды, ол алғашқы рет 5 ақпан күні St. Regis Astana-да жабық таныстырылымда live форматында орындалды.
Бұл ынтамақтастық идеясы glo™ APEX құрылғылар сериясының негізгі артықшылығынан шабыттандырылды – стиктерді қыздыруға небәрі 5 секунд* қажет, бұл Қазақстан аумағындағы ең жылдам көрсеткіш*.
APEX әні арнайы glo™ үшін жазылған және екі нұсқада ұсынылған: Liili-дің түпнұсқа нұсқасы және оркестрлік нұсқа. Ән өзін үздік нұсқаға айналдыру, ішкі ұшқынды табу, қорқыныштарды жеңу және өзіңнің шынайы “меніңе” қайта оралу туралы.

Оркестрлік нұсқа үшін аранжировка мен жазба Almaty Symphony Orchestra-мен бірлесіп жасалды. Бұл 2012 жылы Алматыда Марат Бисенғалиев пен Қайрат Күлбаев негізін қалаған кәсіби камералық оркестр. Олар академиялық музыка, заманауи сахна және технологиялық шоу-форматтардың тоғысындағы жобаларымен танымал. Оркестрдің негізгі жобаларының қатарында: EXPO-2017 аясындағы «Energy of Sound» шоуы, сэр Карл Дженкинспен серіктестік және визуалды эффектілер мен толықтырылған шындық технологияларын қолданатын эксперименттік қойылымдар бар.
glo™ APEX стиль, жайлылық және заманауи функционалдылықты бір жерде іздейтіндер үшін технологиялық аксессуар ретінде жасалған. APEX-тің негізінде заманауи, минималистік дизайн мен ерекше тәжірибе жасайтын мүмкіндіктердің үйлесімі жатыр: жылдам іске қосу, жақсартылған сенсорлық мүмкіндіктер, ұзартылған сессиялар, жылдам қуаттау және жеке баптау функциялары. APEX күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналады: үйде, қалада, жолда және кездесулерде.
*Жаңа glo™ APEX-пен 5 секунд және жаңа glo™ APEX plus-пен 10 секундтан аз.
*glo™ басқа құрылғыларымен салыстырғанда
